0:00 / 0:00
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жақын арада Парламентке келіп, президенттің тапсырмасын неге орындамай жатқанын түсіндірсін деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин. Жалпы отырыста медицина қызметкерлеріне төленбай жатқан өтемақыға қатысты депутаттық сауал жасалғанды. Онда халыққалаулысы Зәуреш Аманжолова Қазақстанда коронавируске 12 830 медицина қызметкері шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 475 өтініш түскенін айтқанды. Ал депутат Меруерт Қазбекова қауіпті індет барысында қолданылған медициналық материалдардың қалдығы көрінген жерге тасталып жатыр деп алаңдады.
Депутат Амажолованың дерегінше, Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері қауіпті індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 475 өтініш ғана түскен. Бұл ауырған ақ халаттылардың жалпы санының 19%-ін ғана құрайды. Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалда Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек министрлігі президенттің коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу туралы тапсырмасын дұрыс орындамай отырғаны айтылды. Бүгінгі күні біржолғы әлеуметтік төлем тек 1 830 адамға немесе вирус жұқтырғандардың 14,3%-не төленген.
Зәуреш Аманжолова – ҚР ПМД "Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы төлеу жұмысы мүлде нашар. Бүгінге дейін індеттен 197 медицина қызметкері көз жұмса, денсаулық сақтау министрлігінен төлемге тек 38 өтініш қана түскен. Ал өтемақыны алғандар саны небәрі – 25 немесе марқұм болғандардың жалпы санының 12,7%-і. Денсаулық сақтау және еңбек министрліктері өзара іс-қимыл алгоритімін уақытылы пысықтамаған. Салдарынан осындай проблемалар туындап отыр. Осы айтылғандарды ескеріп, сізден бұл мәселені жеке бақылауға алуды сұраймыз"
Бұл мәселеге палата төрағасы килікті. Нұрлан Нығматулин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жақын арада мәжіліске келіп, президенттің тапсырмасын неге орындамай отырғаны жайында есеп беруін талап етті.
Нұрлан Нығматулин –ҚР ПМТ "Мәжіліске келіп есеп берсін. Президенттің тікелей тапсырмасы жарты жыл бойы орындалмай жатыр. Бұған не себеп? Медицина қызметкерлері алғы шепте жүрді, қиын жағдайда жұмыс істеді. Біреулерінің денсаулығы сыр берді, енді бірі қайтыс болды. Ал тапсырма әлі орындалған жоқ. Таяуда Nur Otan фракциясы министрді шақырып, осы мәселені қарастырады".
Еске сала кетсек, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 жұқтырған дәрігерлерге 2 миллион теңге, ал қайтыс болған жағдайда отбасына 10 миллион теңге өтемақы төлеуді тапсырғанды. Пандемия кезінде денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарда кем-кетіктер жетерлік. Депутат Қазбекова коронавирустан емеду барысында қолданылған медициналық қалдықтарды тастау жүйесі жоқ деп дабыл қағады. Депутат бұл қалдықтар көрінген жерде шашылып жатыр дейді.
Меруерт Қазбекова – ҚР ПМД «Әлеуметтік желіде мұндай видеолар толып жүр. Алматы, Қарағанды және басқа аймақтарда да осы жағдай. Тіпті Нұр-Сұлтан қаласынан Күлшін ауылына баратын жолда 2-3 тонна медициналық қалдықтар тасталған. Мұндай деректер көп. Бұл пандемияға дейін де орын алғанды. Қазір жалғасуда. Бұл өте қауіпті. Тіпті короанвирустан қайтыс болғандардың өзін сақтық шараларынсақату отыра жерлейді ғой. Ал медициналық қалдықтарда вирус сақталады. Оның қаупі жоғары».
Ақжолдың депутаттық фракциясы денсаулық және экология министрліктерінен тез арада осы проблемаға қатысты шешім қабылдауды сұрады. Ал медициналық қалдықтарды еш бақылаусыз тастағандарды жауапқа тартуды ұсынды. Қажет болса тиісті заңнамаға толықтыру енгізуге дайынбыз деді депутат Қазбекова.