Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Цой не ұсынады?

c 23:55, 30/06/2020 c 699

0:00 / 0:00

Ауру белгісі жоқ тасымалдаушыларды қоспағанда, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 21 819 адамға жетті. Өткен тәулік ел ішінде 492 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болып, өсім 2,3% құрады. Елдегі эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Күні кеше мемлекет басшыс Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелері мен әкімдердің коронавируспен күрестегі салғырт жұмысын сынап, бірқатарына сөгіс жариялағаны мәлім. Ал денсаулық сақтау саласын басқаруды енді ғана қолына алып жатқан министр Алексей Цой Президентке 10 негізгі шараны енгізуді ұсынды. Бүгін журналситер алдына онлайн жүйеде шыққан су жаңа министрді асыға күткен журналситердің көңілі су сепкендей басылды. Себебі, Цой мырзаға журанлситер тарапынан 40-а жуық сұрақ жолданса, министр 16 минуттық брифингте оның етк бесеуіне ғана жауап берді.

Елдегі панедмия денсаулық сақтау саласының осал тұстарын әшкерлеп берді. Халық аты жаман аурумен өз бетінше күресіп жатыр. Аураханларда орын жоқ, дәріханаларда дәрі жоқ, ПТР тест тапсырайын десе ол да жоқ. Еліміздің денсаулық сақтау саласының бет-бейнесі осы. Неге әкімдер мен үкімет мүшелері босаңсып кетті? Бұл сұраққа күні кеше ел Президенті де жауап іздеп, шенеуніктерді әбден сынағанды. Тоқаев елдегі ахуал жайында ашық, шынайы ақпарат жоғын айтқанын білеміз. Кеше ғана Президенттен сөз естіген шенеуніктер бұл кемшілігін жоюға асығар емес. Бүгін журналистер алдына онлайн режимде шыққан су жаңа министр Алексей Цойға 40 жуық сұрақ жолдадық. Алайда, тілшілер күткендей болмады. Министр мырза 16 минуттық брифингте өз баяндамасын жасап, 5 сұраққа ғана жауап берді. Бұл денсаулық сақтау министрлігінің бюрократиялық әрекеті ме, әлде шаш ал десе бас алатын қол астындағыларының ісі ме, кім білсін? Ең бастысы тапшы болған дәрі-дермекпен қамту, КТ қолжетміділігі тест тапсыру зертханаларының санын арттыру,тыныс алу жолдары аппаратын сатып алу мәселелері тұр. Ал қандай шектеулер қойылады, ол жайын жақын күндері мәлім болмақ.

Алексей Цой- ҚР денсаулық сақтау министрі «Эпидемиологиялық жағдайды назарға ала отырып, бірнеше нұсқаулар ұсынып отырмыз.Карантин енгізу немесе қатаң шектеу қою шараларын қабылдау керек.Осы ұсыныстар үкіметке енгізілді, енді нақты шешімді жақын күндері мемлекеттік комиссия қабылдайды. Барлық аймақтарда науқастар санына қарамастан ауруханаларда қосымша орындар дайындалады.Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін қосымша орындар әзірлеу туралы болжанған. Олардың құрылымында жансақтау бөлімдері және жасанды тыныс алдырту аппараттары бар интенсивті терапия палаталары болады».

Министрдің айтуынша, бүгінде еліміздегі стационарларда төсек-орынның 60%-ы бос емес, ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бұл көрсеткіш 90% құрап отыр.Коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін 348 медициналық ұйымда 26 мың төсек-орын дайындалды. Соңғы кезде өкпеге компьютерлік томография жасатқысы келетіндер саны артып кетті. Министр пневмонияны цифрлық рентген-аппарат арқылы да анықтауға болатынын айтады. Ол қолжетімді әрі бағасы да арзан дейді ол. Цойдың пікірінше, қазір республикадағы ауруханаларда 3 294 дана жасанды тыныс алдырту аппараты істеп тұр. Қосымша тағы бір мыңға жуық аппарат сатып алу жоспарланған.Ал ауылдарға жылжымалы мобильді зертханаларды жібереміз деп уәде етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі ешқандай карантин болмаса, тамыз айының соңына қарай күн сайын вирус жұқтырған 27 мың адам тіркеледі дегенді. Ал наурыз-сәуір айларындағыдай  қатаң карантин жарияласақ, онда  ауруханаға тәулігіне 7 000 пациентке дейін түседі. Төсек-орынға қажеттілік тамыздың соңында 80 мыңды құрайды деген болжам айтқанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.