Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚАУПІ

c 19:32, 05/07 c 80

0:00 / 0:00

Апта сайын біз медициналық диагноз қоюға, сурет салуға, сондай-ақ ән айтуға немесе мәтін жасауға қабілетті компьютерлік бағдарламалардың жаңа мүмкіндіктері туралы танып, біліп жатамыз. Адамдар жасанды интеллектен қорқу керек пе? Жасанды интеллекттің адам үшін қауіпсіз бағытта дамығанына көз жеткізіп, жасанды интеллект дамуының этикалық принциптерін қарастыру туралы ұсыныстар айтылуда.Ғылыми фантастика мен Голливуд «жасанды интеллект» идеясын Матрицада адамзатты құлдыққа айналдыратын немесе ядролық Қиямет күнін ұйымдастыратын планетадағы келесі тіршілік формасы ретінде қалыптастырды. Жасанды интеллектті дамыту саласындағы сарапшылар тіпті алдағы 20-30 жылда адамзат оны жасаушыдан ақылдырақ болатын нағыз жасанды интеллекттің пайда болатынын мойындайды. Дегенмен, адамдардың өмірін жеңілдетіп отырған жасанды инттелектіден қауіп те бар дейді БҰҰ Бас хатшысы

АНТОНИУ ГУТЕРРИШ – БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ Екінші экзистенциалды қауіп – цифрлық технологиялар. Жасанды интеллект барлығының игілігі үшін тұрақты дамуды жеделдету үшін орасан зор әлеуетке ие. Бірақ ол реттеуден асып түседі, билік тепе-теңдігін күшейтеді және байлықты одан әрі шоғырландырады, адам құқықтарына нұқсан келтіреді және шиеленіс пен алауыздықты арттырады.

Ал артықшылықтары туралы айтатын болсақ. Осы саланы зерттеушілер алдағы он жылда жаңа технологиялар жер шарындағы еңбек нарығын түбегейлі өзгертеді, бұл шамамен 50 триллион долларды үнемдеуге мүмкіндік береді. Өзгерістер жүздеген миллион жұмыс орындарына әсер етеді. Адамдар өздерінің жұмыс тапсырмаларының бір бөлігін және көптеген күнделікті тапсырмаларды машинаға ауыстырады, бұл оларға шығармашылық жұмысқа назар аударуға мүмкіндік бермек.
Бірақ БҰҰ Бас хатшысы адамзатты қорғаған дұрыс деп есептейді.

АНТОНИУ ГУТЕРРИШ – БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ
«Бізге жасанды интеллект тәуекелдерін басқару, зиянды бақылау және азайту жүйелерін келісу үшін технологиялық компаниялармен, академиялық ортамен, азаматтық қоғаммен жұмыс істейтін үкіметтердің толық бірлескен жұмысы қажет. Бұл барлық елдердің қатысуын талап етеді».

Жасанды интеллект жүйелерін әзірлеумен айналысатын көптеген сарапшылар бүгінде жасанды интеллект жақын арада адамдарды жұмыссыз қалдырмайды. Оған бүгінде жетіспейтін басты нәрсе – автономды ойлау қабілеті. Яғни, тәуекелдер бар. Бірақ жасанды интеллект қарқынды дамыса да, оны жасаушыдан асып түсуі үшін 30 жыл қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.