Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа төрт жоба іске қосылады

c 17:31, 15/01/2019 c 736

0:00 / 0:00

Өткен жылы облыс аумағында 3 млн 200 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде хабарланды. Баспасөз мәлихатында 2017 жылы қабылданған "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасының аяқ алысы баяндалып, мемлекеттік қызмет көрсету саласында ағаттық жіберген лауазымды тұлғалардың жауапқа тартылғандығы да айтылды.

2017 жылы еліміздің аумағында "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы іске қосылғанды. Бүгінде аталмыш бағдарламаның аясында көптеген мемлекеттік қызмет түрде электронды форматқа көшіп жатыр. Жаңашылдықтың арқасында азаматтардың арасында цифрлы қолтаңба алу ісі жаңа қарқынға ие болыпты. Мәселен, 2016 жылы 135 мың адам цифрлы қолтаңбасын алса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 1 млн 200мыңнан асып жығылған. Осы қолтаңба мен жеке сәйкестендіру нөмірінің арқасында үйде отырып, жүргізуші куәлігін де алуға болады.

Өткен жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына қатысты 90-ға жуық тексеріс ұйымдастырылыпты. Тексерістің нәтижесінде 9700-ден астам бұзушылық орын алып, 28 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, рұқсат қағаздарын берудің мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін 26 азамат айыппұл арқалапты.

Сондай-ақ, биылғы жылдан бастап цифрландыру ісін ілгерлету үшін жаңа төрт жоба іске қосылмақ. Екі жоба қысқа нөмірлерге байланысты болып отыр. Мәселен, комуналды қызметтің жай-жапсарын 109 нөмірінен білуге мүмкін болса, ал шұғыл қызмет жедел жәрдем, полиция, мен өрт сөндіру қызметінің мамандарын 112 нөмірлерін хабарласу мүмкін болмақ. Жер қатынастары саласында да жаңашылдық орын алады деп күтілуде. Ал, мемлекеттік -жекеменшік бағдарламасының аясында бет-әлпетті танитын камера орнату жоспарланып отыр.

Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.