Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Цифрландыру жүйесі - жемқорлыққа тосқауыл

c 16:13, 20/02/2018 c 1472

0:00 / 0:00

Оралға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Саян Ахметжанов іссапармен келді. Жұмыс барысында ол мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында айтылған басты бағыттарын назарға алды.
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Саян Ахметжанов ең алдымен облыс орталығы Орал қаласында ашылған Smart Uralsk қызметтер көрсету орталығына табан тіреді. 641 қызмет түрі қамтылған нысан жұмысы бүгінде қызып тұр. Елбасының көрсетілетін қызметтерді цифрландыру туралы тапсырмасына жəне "Бір терезе" қағидасына сəйкес жұмысын бастаған мекемеде Халыққа қызмет көрсету, Кəсіпкерлерге қызмет көрсету жəне құқықтық қызмет көрсету орталықтары прокуратура өкілдері, адвокат, нотариус, медиаторлар орналасқан. Осылайша енді, бірнше қызметті бір шаңырақ астында алуға мүмкіндік туды. Құқық қорғау қызметтері орталығы - әзірге тек қанатқақты жоба ғана, еліміз бойынша Оралда тұңғыш болып ашылған еді. Елбасымыздың ұсынған «Смарт Сити» тұжырымдамасын ең бірінші болып қолға алғандардың қатарында Батыс өңірі тұрғаны рас. Осы жоба аясында қазір көптеген мемлекеттік мекемелердегі қызмет түрі электронды жүйеге көшкен. Қалалық әкімдікке бас сұққан шаһар тұрғындары да осы жаңашылдықтың шарапатын көріп жүр.
Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды.Осы уақыт ішінде мемлекетке 17 миллиард теңге залал келгенін елбасымыз да өз Жолдауында атап өткен болатын. Ал оның алдын-алуда, мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады. Республикалық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің де бүгінде алға қойған мақсаты осы. Агенттік басшысы болса, облыста іске асырылған цифрландыру тұжырымдамасына оң бағасын берді.Айта кетелік, «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналмақ. Бұл жолдауда айтылған оныншы басым бағыттың бірі.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.