Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Цифрландыру жүйесі БҚО аудандарында да қолға алына бастады

c 09:57, 27/11/2018 c 695

Цифрландыру жүйесі БҚО аудандарында да қолға алына бастады.Атап айтсақ БҚО Ақжайық ауданында балабақшалар мен ауруханалары цифрлық жүйеге көшкен.Бұрын ата - аналар балабақшаға баласын орналастыру үшін балабақшаға он келіп , сарсылып кезек күтіп жүйкелері жұқарып біраз қолайсыздықпен кездесетін еді.Қазір мұндай олқылықтың бәрін цифрландыру мен автоматтандыру жүйесі жойып отыр.Бұл "Бөбек" балабақшасы.Бұл жерде 140 бала тәрбие алып жатыр.Балабақша заман талабынан қалмай цифрландыру және автоматтандыру жүйесіне өткен.Қазір осы балабақшаға баламды беремін дейтін ата - ана сарсылып кезек күтіп, құшақ - құшақ құжат толтырып әуре болмайды.Үйінде отырып электронды кезекке баланы қойып, сол жерден кезегін қадағалап отыра алады.Бұдан бөлек балабақша Елбасының латыншаға көшеміз деген тапсырмасын да орындауға әзір екендіктерін жеткізді.Қазірдің өзінде балабақшада тәрбиешілер қол жаттықтыру мақсатында кейбір құжаттарды латынша толтырып жүрген көрінеді.Балабақша 2001 жылы ашылған, қазір бұл жерде 24 педагог маман жұмыс жасап жатыр.
Жалпы Ақжайық ауданы бойынша бүгінде 11 балабақша кешені мен 1 шағын орталық цифрландыру жүйесіне қосылған.Қазір ол балабақшалардың бәрінде электронды кезек, электронды құжат жинау жүйесі енгізілген.Ақжайық ауданындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын цифрландыруға қосу үшін бюджеттен 4 миллионнан астам қаражат бөлініпті.
Қазіргі сәтте аудандағы "Ақбота" балабақшасында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.Балабақшаны заман талабына сай қайта жөндеп, кейін мұны да автоматтандыру жүйесіне қосу жоспарланған.Бұл балабақшаны жөндеу үшін бюджеттен 21 миллионнан астам қаражат бөлініпті.
Ақжайық ауданындағы білім беру нысандарын цифрландыру жүйесі мектептерде де жалғасып жатыр.Осы жылдың қыркүйек айында мектепте IT сынып ашылған . Қазір бұл жерде балалар бір ауысым бойынша білім алып жатыр. Жалпы саны 200 дей баланы оқыту жоспарланған, бір топ үш айдай оқиды.
Аудандағы цифрландыру жүйесі аудандық аурханада да өз жалғасын тапқан.Қазір бұл жердегі карталардың бәрі электронды фарматқа көшкен.Аудандық аурухананың компьютермен қамтамссыз етілуі қазіргі таңда 80 пайызды құрап отыр.
Бұл аурхана алдағы уақытта облыстық денгейде қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.Алда облыста жасалатын кейбір оталар осында жасалатын болады.Ол үшін арнайы медициналық құралдарға тапсырыстар беріліп қойған.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.