Қалалық мәслихат депуттатары шаһарымыздың бюджетін бекітті. 2018 жылғы қаражаттың көлемі 45 млрд 398 млн 463 мың теңгені құрап отыр. Қаражаттың бір бөлігі Зашаған кентінде орналасқан №39 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау мен №26-27 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру үшін жұмсалмақ. Сондай-ақ, Чичерный көшесіндегі Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарын жасау үшін жобалық сметалық құжаттарды дайындау мақсатында 9 млн 467 млн теңге көлемінде қаржы бөлінуі көзделіп отыр. Бюджеттің 22 млндай ақшасы жастар тәжірбиесін ұйымдастыруға жұмсалмақ.