Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бюджет нақтыланып, жұмыс жоспары талқыланды

c 16:35, 28/03 c 6

0:00 / 0:00

Оралда қалалық мәслихатының 19-шы кезектен тыс сессиясы өтті. Жиында қала бюджеті бүтінделіп, оны тиімді жұмсау барысы талқыланды. Сондай-ақ халық қалаулыларымен бірге шешім қабылданды. Сессияның күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралады. Жастарды жұмыспен қамту және кенттердің биылғы бюджеті. Сессияның бірінші мәселесі жастарды жұмыспен қамтуға қатысты болды. Бұл тақырып өте өзекті, себебі жұмыссыздықтың алдын алу және жастардың еңбек нарығына интеграциялануы - бүгінгі таңда қоғамда кеңінен талқыланып отырған мәселелердің бірі. Күн тәртібінде оқу орындарының түлектерін қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдау мәселелері қарастырылды. Және сессияда кезекпен сөз алған бөлім басшылары, алда атқарылатын іс-шаралардың кірісі мен шығынын мәслихат депутаттарының алдында мінберде оқып, талқыға салды. Кейбір күрмеулі көп мәселелерді депутаттар тарапынан сауалдар қойылып, нақтыланды.Жиында Орал қаласының экономикалық және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Қадыров шаһар, кенттер мен ауылдық округтің 2025 жылға арналған бюджеттерінің жоспарлы түрде не мақсатта жұмсалатыны туралы баяндады.Оның айтуынша, Орал қаласының бюджеттік кірістері мен шығыстары теңдестіріліп, 22,7 млд. сомасына ұлғайту жоспарланған. Атап айтқанда, облыстық бюджеттен қарастырылған нысаналы трансферттер – 27,2 млрд.теңге, кредиттер – 10,6 млрд.теңге.Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн. теңге көлемінде біржолғы төлем жасау және қалалық мәдениет және демалыс саябағында Шаған өзені арқылы өтетін көпірді ағымдағы жөндеу, қалалық Жастар мәдениет сарайында креативті хаб ашу шығыстары жоспарланғанын жеткізді.
Сонымен қатар, сессияда Деркүл, Исатай, Байқоныс және Уразовка ауылы және кенттеріндегі жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, бірқатар көше бойындағы үйлердің қасбеттерін жөндеп, жағалауды қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.