Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бюджет 200 млрд теңгеге қағылады

c 18:50, 10/09/2019 c 773

0:00 / 0:00

Шағын және микро бизнес  алдағы үш жылда салықтан босатылса, ел қазынасы жылына 200 млрд теңгеге қағылады. Бұл жайында бүгін өткен Үкімет отырысынан соң, журналистерге берген сұхбатында  Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. Өздеріңізге мәлім Президенттің тапсырмасына сәйкес , микро және шағын бизнес  табыс салығынан босатылады.Бұл жағдайда  республикалық  бюджетке түсетін түсім 200 миллиард теңгеге азаяды.  Алайда үкімет бұл шығынды салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту есебінен толтырамыз деп отыр.

Бүгінде елімізде 700 мың кәсіпкер өз ісін дөңгелетіп отыр. Оның 200 мыңы шағын бизнес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында ел бизнесін қолдау мақсатында, шағын және микро кәсіпкерлікті алдағы үш жылда табыс салығынан босату туралы  заң жобасын дайындауды Үкіметке тапсырған болатын. Енді министрлер кабинеті келесі жылдан бастап осы шағын кәсіпкерлерді салықтан босатуды енгізбек. Қаржы министрінің мәліметінше, өткен жылы микро және шағын бизнестен мемлекеттік бюджетке 190 миллиард теңгеге тарта салық түскен. Алдағы үш жылда табыс салығынан босату нәтижесінде, ел бюджеті жылына 200 млрд теңгеге қағылады. Алайда, үкімет оның орнын толтыру жолын ойластырып қойған.

Табыс салығынан босатылып отырған микробизнеске  15 адам жұмыс істейтін және жылдық табысы 30 мың АЕК-ке дейін немесе 76 миллион теңгені құрайтын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар кіреді. Ал 100 адамға дейін жұмысшысы бар, жылдық табысы 300 АЕК-ке дейін немесе жылына 757 миллион теңгені құрайтын ұйымдар шағын бизнес болып табылады. Жолдауда айтылған тағы бір мәселе, зейнетақы қорындағы жинақты азаматтардың үй сатып алуға және білім  алуға жұмсауына мүмкіндік беру. Жақында Еңбек министрлігі зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін пайдалануға қатысты ұсыныстар әзірлеп, қоғамдық талқылауға шығарады деп күтілуде.

Біржан Нұрымбетов – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

«Қазір осы жинақтан ақша алу үшін, онда жеткілікті қаржы бар ма деген мәселе тұр. Біздің зейнетақы жинақ қорымыз қартайған шағымызда  минималды көлемде зейнетақы алып отыруға жеткілікті болуы тиіс. Мысалы, ер азаматтарда 11 млн теңге, әйелдерде 13 млн теңге жинақ қоры болуы тиіс. Екінші жағынан,  кімнің жинақ қорында ақша көп солар ала алады.  Меніңше бұған керісінше табыс көзі төмен адамдар қол жеткізуі тиіс. Әртүрлі жолын қарастырамыз». 

Қаржы министрінің айтуынша, ол мүмкіндікке зейнетақы жинағы қорында ақшасы барлар ғана қол жеткізе алады.  2020 жылдан бастап қазақстандықтар  зейнетақы жинағын пайдалануы мүмкін деген болжам бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.