БҚО-да темір жолда 7 адамның қатысымен апат болған. Соның салдарынан 3 адам қаза тапты. Бұл туралы көліктік бақылау инспекциясының мамандары хабарлайды. Темір жолдағы апатты азайту мақсатында мамандар арнайы рейд ұйымдастырған еді. Шараның мақсаты- шойын жолда апатты болдырмай, азаматтарға қауіп туралы ескерту. Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес темір жолды арнайы белгіленбеген жерден кесіп өткен жандар әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылады. Әуелі оларға ескерту беріледі. Кейін тәртіп бұзушылық қайталанса, айыппұл салынады.
Сурет https://www.gov.kz/ сайтынан жүктелді