0:00 / 0:00
Теректі ауданына қарасты Жаңа өмір ауылының тұрғындары балаларының амандығы үшін алаңдап отыр. Олар тіпті бүлдіршіндерді де аулада ойната алмайдық болдық деп шағынданады. Көше бойында қаптаған бұралқы иттер тұрғындардың әбден мазасын алған. Жаңа өмірліктер қанша шағымданса да мәселе сол күйі шешімін таппай келеді.
Бейнежазбада көрсетілгендей, Жаңа өмір ауылының тұрғындары балаларын екі ересек адам болып, жетектеп барады. Қабаған ит қауып алмас үшін қолдарына таяқ ұстап жүріп, діттеген жерлеріне жетеді. Тұрғындар бұралқы иттердің көптігін айтып, талай мәрте атқарушы биліктен көмек сұрапты.
Бұралқы иттер ауылдық жерлерде ғана емес, облыс орталығында да көше кезіп жүр. Мына кадрларды әкімдіктің алдынан таспаладық. Сала мамандары 2019 жылдан бастап мәслихаттың шешіміне сәйкес бұралқы ит пен мысықты залалсыздандыру үшін жаңа талаптар қабылданды дейді. Осы талап бойынша көше кезіп жүрген иесі жоқ жануарларды биозалалсыздандырады, арнайы чип тағып есепке алады. Бүгінгі таңда есепте 9200 астам жануар тіркелген. Қоршаған ортаға зиян, әрі адамзатқа қауіп төндіретін 1645 иттің көзін жойыпты.
Ал жануарларды бағып-бағатын қайырымды жандар қысқы мезгілде бұралқы иттердің саны көбейгенін айтады. Мына жеке мекемеде 150-ге жуық төбет бар. Мамандар оларды есепке алып, био залалсыздандырған. Қайырымды жандар төбеттердің көзін жоюға түгебейлі қарсы.
Бұралқы ит пен мысық тақырыбында азаматтардың пікірі қақ жарылады. Бірі адамзатқа қауіп төндіретін қабаған төбеттердің көзі жойылуы керек десе, енді бірі жануардың жанын алуға қарсы. Қайырымды жандар адам баласы өз қолымен асыраған жануарларына жауапты болуы керек дегенді айтады.