Енді Оралдықтар өз аулаларындағы тәртіпті ғаламтор арқылы қадағалай алады. Арнайы бейнебақылау камералары көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар көшелерге қойылмақ. Бұл халықтың қауіпсіздігі мен қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жасалып отырған шара. Оралда бүгіннің өзінде осындай 10 «бұлтты камера» орнатылса, жыл соңына 600ден астамын қою жоспарланған. Бір айта кетерлігі, бұл қызмет тұрғындар қалтасына да күш түсірмейді екен, айына небәрі 350 теңге төлеп, олар онлайн режимде үйлерінің кіре берісіндегі жағдайды бақылауға мүмкіндік алады.