0:00 / 0:00
Енді 5 жасқа толмай жатып, балалар бөбекжайлармен қоштасатын болады. Бұл білім министрлігінің қаулысымен енгізіліп отырған өзгеріс. Алайда ата-аналар балаларын ерте жастан мектепке беруге наразылық білдіруде. Себебі бұл жаста оқу бағдарламасын алып кету қиынға соғады деген пікірде. Толығырақ алдағы сюжетте.
Березка балабақшасы жанына жиылған ата-аналар балаларын 5 жастан бастап мектьепке беруге келіспейтіндерін айтады. Қолдарына білім бөлімінен келіп жеткен хабарламаны ұстап, бұл жаста бүлдіршіндер мектеп бағдарламасын алып кетуге дайын емесдегенді алға тартады.
Ирина Заварзина:
- Біз балаларымызды 5 жастан бастап мектепке бергіміз келмейді.
Ата-аналардың кейбірі жаңа өзгеріс өздеріне қолайсыздық туғызғанын айтады.
Білім бөлімінің мамандары барлық өзгерістер заң жүзінде іске асқалы жатырғанын мәлімдеді. Оған сай 6 жастан бастап бала бірінші сыныпқа қабылдануы тиіс.
Тағы бір өзгеріс жаңа оқу жылында биылғы жыл соңына дейін 6 жасқа толатын барлық балалар бірінші сыныпқа қабылданады. Ал бұрын тек туған күндері қыркүйек айынан кейінгі балалар қалыс қалып келген болатын. Ата-аналарға жаңашылдықтарға қатысты түсіндіру жұмыстары жалғаспақ.