Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бұл қай сасқыны ...

c 17:41, 16/09/2019 c 615

0:00 / 0:00

Тәртіп сақшысы тағы да тәртіп бұзды. Орал қаласында полиция қызметкері таяқшасын автокөлікке лақтырды. Бұл оқиға бейнежазба арқылы әлеуметтік желілерде таралды. Аталмыш жағдайға байланысты бүгін ПД басшылығы БАҚ өкілдерін жинап ақпарат берді. Нақтырақ тоқталсақ, бейнежазбада әйел адам өзінің үйіне баруға автокөлігін Нұрлан Дүйсенов деген полиция қызметкерінің жібермегенін айтады. Онымен қоймай, полиция қызметкері автокөліктің кілтін алып алған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, патрульдік қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Дүйсенов 13 қыркүйек күні Еуразия мен Н.Назарбаев даңғылдары қиылысында таяқшаның көмегімен жол қозғалысын реттеген. Атап айтқанда, жаяу жүргінші өткелін жарықтандыру үшін металл конструкциясын орнату жұмыстары жүргізілуіне байланысты Н.Назарбаев даңғылынан Алмазов көшесіне қарай жол қозғалысы шектелген. Қызметтік міндетін атқару кезінде Нұрлан Дүйсенов мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережесін бұзуға жол берген. Ол 1990 жылғы Елизавета Покатилоға тиесілі «Фольксваген Пассат» автокөлігінің кілтін алып алған. Сондай-ақ тыйым салынған белгіге қарамастан, осы тұстан тоқтамай өтіп кеткен «Газель» автокөлігінің (инкассатор) артынан таяқшасын лақтырған. Аталған қызметкерден түсінік алу барысында ол қолындағы таяқшасының жібі үзіліп кеткенін баяндаған. Полиция таяқшасын олдануға қайта рұқсат берілгеніне ұзақ уақыт болмаса оны дұрыс пайдалана алмаған тәртіп сақшысы уақытша қызметтен шектетілді. Енді оның бұл әрекеті тәртіптік кеңесте қаралатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.