0:00 / 0:00
2020 жылға қарай бұқаралық спортқа ден қоятындар саны бұдан да артады деген жоспар бар. Өйткені өңірде спорттық нысандар жаңадан бой көтеріп ескілерін жаңғырту шаралары қарқынды дамуда. Облыста 74 спорт түрі дамытылып келеді, соның ішінде 31 олимпиадалық, 29 олимпиадалық емес, 9 ұлттық, 5 техникалық және мүгедектер спорты. Биылғы жылдың 10 айында түрлі айтулы жарысқа қатысқан жерлестеріміз 564 жүлдеге ие болған. Ал алдағы жылы Красноярскіде өтетін бүкіләлемдік Универсиядада хоккейден ұлттық құрамаға 10 хоккейші қатысады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар алдағы уақытта бірнеше спорттық нысандарды да жаңарту жұмыстары тұр. Мәселен футбол алаңын жаңарту жұмыстары қолға алынуда. Сонымен қатар бірқатар спорт түрлері бойынша мамандар жетіспейді. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті оқу орындармен ортақ келісімнің нәтижесінде шешілмек ниетте.