Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгінгі күні қаламызда жол мәселесі ретке келісімен, олардан келер кедергілер де жоқ емес. Айталық, Мәншүк Маметова көшешіндегі көп қабатты 103-ші және 105 үйдің тұрғындары, үй алдынан ағылған көліктерден құтылмай әлек

c 00:00, 29/06/2015 c 612

0:00 / 0:00

Бұған себеп, бір бағытты жол қозғалысын ұстанған Молдағұлова көшесіндегі көлік жолы себеп болса керек. Ағылған, әрі айтарлықтай жылдамдықпен жүйіткіп алып зулаған көліктер көрінісі қаламыздың Мәншүк Мәметова көшесіндегі 103-ші және 105 тұрғын үй ауласындағы күн сайынғы жағдай. Бұл жәйтке тұрғындардың еті үйреніп болған. Жол бойында бірде-бір жол белгісінің жоқтығына, әуелден көніп келе жатырған сол маңның халқы, тым болмаса көршілес Молдағұлова көшесінен келер көліктің легін тоқтатар жол белгісінін қойылыуын жауаптылардан өтініп сұрайды. Тұрғындар, бұл жағдай күн мен түннің уақытын талғамай орын алуына әбден мезі болдық - дейді. Түнгі уақытта көлік дыбысынан терезелелрін ашудан қалған аудан халқы, күндізгі уақытта да балаларын ойын алаңқайына шығарудан қалған. Өйткені, көліктерден келер қауіп жоғары - дейді. Ағылған көлік қарасының тиылар уақытын білмек болып, аты әйгілі болған тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық мекемесіне бас сұқтық. Білгеніміздей, еліміздің заңнамасына сәйкес, тұрғын үйлердегі тура жол қозғалысына тыйым салынып келеді. Осыған орай, аталған жағдайдын алдын алуда, тұрғындардың құзырлы мекемеге бір ауыздан өтініш жазулары тиіс көрінеді. Тұрғын үй ауласындағы тура жол қозғалысы мәселесінен біржола құтылуына, тұрғындардың аталған әкімшілік полиция мекемесіне өтініш жазуы басты себеп болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.