0:00 / 0:00
Аталмыш шарада құқық қорғаушылары әр ұлттың ұлттық тағамдарынан құралған ақ дастархан жайып, қазақ халқының мерекелік салт дәтүрін жас буын өкілдеріне кеңінен насихаттады. 22 наурыз Күн мен түн теңелетін, Самарқанның көк тасы жібитін, көгіне күнін өрлетіп, ешкі мен қойын төлдетіп, қаймақ пен сүтін көлдетіп» келетін – Шығыс халқында жыл басы деген екен. Расында да шуақты көктем мезгілінде жер ана оянып, табиғат көкке боялып, табиғатымыз тірілетіні рас. Осыған орай төл мерекеміз жаңа жылымызды тойлаудан ІІБ-ның қызметкерлеріде қалыс қалар емес. Бүгінгі той думанда басқарманың әр бөлімдері өздеріне тиесілі дастархандарын жайнатып, көже пісіруден сынға түсті. Бұнымен қоса, қазағымыздың салт дәстүрі мен ойындарының бірі тұсау кесер мен арқан тартысу ойыныда жиналған қауымның ойынан шыға білді.