Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгін шаһарымыздағы РУ 170/2 жалпы режимдегі түзету колониясында кәсіпкерлерге арнап ашық есік күні оздырылды

c 00:00, 11/03/2015 c 500

0:00 / 0:00

Колония басшыларының айтуынша бұндағы басты мақсат, сотталғандарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлердің ісін оңтайландыруға қолайлы шарттар жасасу. Мысалы қазірдің өзінде түрмеге қарасты цехтарда бірнеше жергілікті кәсіпкерлер өз кәсібін ашып үлгерген. Толығырақ алдағы бейнематериалдан білейік. Сотталғандар бостандыққа шыққан соң табыс көзін іздейтіні белгілі. Алайда оларды көбіне жұмыс тәжірибесі жоқ, әрі сотты болған деп ешкім жұмысқа ала қоймайды. Осыған орай колония басшылары өз кәсібін жаңа бастамақ болған кәсіпкерлерге өздеріндегі жағдаймен таныстырып, бір келісімге келуді ұсынуда. Нәтижесінде кездесу барысында түрме тереториясында бетон плитасын шығаратын цех ашуға бел буғандар кездесті. Қазірдің өзінде ру 170/2 жалпы режимдегі түзету колониясында 40-тан астам жазасын өтеуші әр түрлі мамандық бойынша жұмыс жасауда. Сондай-ақ колония базасында сотталғандарды тігін бұйымдарының өндірісі, ағаш бұйымдары, былғары өндірісі секілді мамандықтарға арнайы оқытып келеді. Ең бастысы өмірде аяғын шалыс басқан тұлғаларды, қоғамдағы қалыпты өмірге қайтару.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.