Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгін шаһарымыздағы №5 емханада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған заманауи медициналық оңалту бөлімі ашылды

c 00:00, 25/02/2015 c 742

0:00 / 0:00

Енді туғаннан жүру немесе қозғалу мүмкіндігінен айырылған кішкентай бүлдіршіндерімізге арнайы дәрігелередің көмегімен толықтай ем шаралары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда медицина қызметкерлері науқастардың және мүгедектер организімінің бұзылған немесе жойылған функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтердің кешенін оздыруда. Бұл орайда дәрігерлерге балалармен жұмыс жасау барысында тек кәсіби төзімділік, біліктілік қана емес, сонымен қатар мейрімділік пен жүректен жүрекке жететін жылулық қажет екені сөзсіз. Емханада орналасқан реабилитациялық бөлімше сенсорлық, монтессория, массаж, логопед және физиотерапиялық кабинеттермен жабдықталған. Оңалту орталығында медициналық көмекпен қатар ойын түрінде балаларды әлеуметтік қарым қатынас орнату дағдыларын қалыптастырады. Әр бала жеке бағдарлама арқылы барлық емдік шаралардан өтпек. Мақпалдың анасы Анаргүлдің айтуынша ол бұрындары өз қызын шаһарымыздағы Байтерек қоғамдық бірлестігіне қарасты орталыққа апарып емдеп келген. Енді міне жаңа орталықта Мақпалға арнайы бағдарлама жасалып, сол бойынша емделмекші. Әрине кішкентай балғындарымыздың өмірге кеміс болып келуі жүрек ауыртпай қоймасы анық. Дені сау ұрпақ, ел болашағы демекші ешбір қиындықтарға мойымай қоғаммен бірлесе бұл балаларымызды аяққа қоюға болысайық ағайын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.