0:00 / 0:00
Жиында елбасы жолдауында айтылған өзекті мәселелер талқыланып, білім беру, денсаулық сақтау, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету саласында атқарылатын жұмыстар жөнінде айтылды.
Облыс орталығын дамыту жоспары және елбасы жолдауында артылған мақсат-міндеттер. Актив отырысында басты басымдылық осы тақырыптарға бағытталды. Сондай-ақ жасыл желекті қаламыздың келбетін сақтап, заманауи талапқа сай инфрақұрылым мен қажеттлікті сайлау мәселесі де айтылды. Шаһарымызда 10 апатты үйде сүрілсе, алда тағы 7 көп қабатты үйді бұзу жоспарда. Олардың орнында 1200 пәтерлік жаңа үй пайда болмақ.
Келесі жылы қалада 6 мектептің құрылысы жүреді. Оның екеуі апатты білім ордаларының орнында бой көтерсе, үшеуі Зашаған кентінде, біреуі Жұлдыз шағын ауданында салынады. Жиынға қатысушылар жолдаудағы бастамалардың өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ кездесу барысында халқытың әл-ауқатын көтеру, шағын және орта бизнес пен Отандық өнімді қолдау арқылы экономика өсімін арттыруда бірлесе жұмыс жасау қажеттігіне екпін түсірілді.