Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгін Орал қаласындағы Депо көпірі қолданысқа берілді

c 16:08, 07/09/2018 c 769

0:00 / 0:00

2017-жылдың наурыз айында жөндеуге жабылған көпір толықтай қайтадан салынып отыр. Бұрын жолдың ені 11 метр болса, енді 20 метрге дейін кеңейтілген. Мердігер кәсіпорын жұмысты белгіленген мерзімнен ерте орындап, қаладағы қозғалыстың күре тамыры болған көпірге жан бітірді.

Депо ауданындағы көлік көпірі 1965-жылы салынған. Сол уақыттан бері ешқандай күрделі жөндеу көрмеген болатын. Былтырғы жылдың наурыз айында көпір күрделі жөндеуге байланысты 2 жылға жабылды. Мердігерлер оны мерзімінен ерте тапсырып отыр. Ашылу рәсіміне БҚО әкімі Алтай Сейдірұлы келіп қатысты. Бұрын көпір жолының ені 11 метр, 2 жолақты болған еді. Халық саны мен көлік нөпірінің артуы көпірді жаңғырту қаженттігін туғызған-тұғын. Ал қазір жолдың ені 20 метр болып кеңейтіліп, 4 жолақ салынған. Жөндеуге байланысты уақытша қолайсыздықта бастан өткерген тұрғындар мен жүргізушілердің қуанышында шек жоқ. Көпір маңындағы жол бойында қозғалыс тәртібі өзгеріп, жол белгілері және жаяу жүргінші жолағы салынған. Сондай-ақ көпір үстінде бейнебақылау қондырғылары мен жарық шамдары орнатылған. Ашылу рәсіміне қатысқан қала күніне құрметті қонақ ретінде шақырылған жерлесіміз, альпинист Мақсұт Жұмаев аталмыш нысаның өзі үшін ыстық екенін жеткізді.Көпір құрылысына 2 мрлд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл сома кен өндіруші кәсіпорынның әлеуметтік төлемдерінен бағытталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.