Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгін Орал қаласындағы 170/2 жалпы тәртіптегі түзету мекемесінен 18 сотталушы өз мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

c 00:00, 24/02/2015 c 836

0:00 / 0:00

Оған себеп ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қылмыстық, Қылмыстық процестік және Қылмыстық атқару кодекстеріне енгізілген өзгерістер. Ал, сол бостандыққа шыққандар қоғамға өз кері әсерін тигізуі мүмкін бе? Бұрынғы заңнама бойынша инспекция пробация қызметінде тек қана шартты сынақ мерзіміне сотталғандарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетсе, қазіргі уақытта пробация шартты түрде сотталған, бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамға қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілейді. Яғни, Қазақстан Республикасында қылмыстық атқару жүйесін қайта қалыптастыру үрдісінде пробация қызметі өзінің кеңейтілген шеңберінде өз жұмысын бастамақ. Мысалға мын азамат ұрлық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда жазасының 3 тен 1 бөлігін темір тордың аржағында өткізген соң, аталмыш азамат жаңа кодекстерге байланысты бостандыққа шығып отыр. Айта кетейік, бұрынғы қылмыстық кодексте пробациямен бостандыққа шығу үшін тағылған жазаның 2 ден 1 бөлігін өтеу керекті. Алайда бұл азаматтардың бостандыққа шыққанымен олар міндетті түрде құзырлы органдардың қызметкерлерімен жіті қадағаланып отырады. Дәлірек айтқанда, сотталғандар өз үйлерінен кешкі сағат 22.00-ден таңғы сағат 6.00-ге дейін шықпаулары тиіс. Жәнеде басқа қалаларға шығуға мүлдем болмайды. Егерде бұл шарттар орындалмаған жағдайда қылмыскерлер қайта түзету мекемесіне қайтарылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.