0:00 / 0:00
Облыс әкімдігі жанына алтыбақан құрылып, Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры әртістерінің қатысуымен театрланған көрініс ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар бағдарламаны тамашалай келген қала тұрғындарымен қол алысып көрісіп, бауырсақтан дәм татқызды.
Абай алаңы маңында Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры әртістерінің қатысуымен өткен театрландырылған қойылым қала тұрғындарына ерекше әсер сыйлады. Тұрғындардың бір-біріне білдірген ыстық ықыласы күннің райын да жылытып жібергендей. Көктемгі жайма шуақ орнап, жиналғандар бауырсақтан дәм татып, алтыбақан тепті.
Көрісу айт мерекесін бүгінде жастар қауымы кеңінен атап өтетін болған. Жастардың салт-дәстүрге бет бұруы оң серпін дейді ұйымдастырушылар.
Көрісу тек біздің БҚО-да ғана сақталып қалған ежелгі дәстүр. Қыстан шыққан халықтың аман-саулық сұрасып, төс қағыстырып амандасу дәстүрі-адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, кешірімді, қайырымды, бауырмал болуға үнедейді.