Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгін облыстық әкімдіктің кіші залында өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде" облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті

c 00:00, 26/02/2015 c 1247

0:00 / 0:00

Биылғы жылы алғашқы рет ұйымдастырылып отырған бас қосуда " 2014 жылы облысымызда төтенше жағдайларды болдырмау жөнінде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2015 жылы атқарылар шаралалардың қатары пысықталды. Өткен жылы облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысына төрағалық еткен өңір басшысы Нұрлан Ноғаев өткен жылда жасалынған жұмыстарды қорытындылап, 2015 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелерін қарады.Иә, өткен жылы ел болып, халық болып көптеген төтенше жағдайлардың алдын алдық - деп алғашқы сөзін бастаған облыс басшысы, 2014 жылы еріген қар салдарынан жеке үйлердің су басу қауіпін алдын алдық , жаз айларынада орын алған ірі дала өрттерін де өткергендерін де атап өтті. Баяндама тізгінін қолына алған БҚО ТЖД-нің бастығы Марат Кульдиков мекеменің атқатырлған жұмыстардың жай-күйіне тоқталды. Айталық, 2014 жылы мекемемен төтенше жағдайлардың алдын алуда облыс және қала деңгейінде 101 отырыс өткен екен. Ел бюджетінен бөлінген қаражатқа атқарылған жұмыстар да назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, отырыста ауа райының қолайсыздығына байланысты сымдағы мұзардың салдарынан көптеген ауыл-аудан жарықсыз қалған жағдайы да сөз болды. Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясының басшысы атап өткендей, бүгінгі күні өңіріміздегі электр бағаналары 60-70 жылы орнатылған. Осы жғадйға орай, қыс мезігілнде 6 ауданда жағдай қындап, 905 -ке жуық бағанадар құлап, 42 ауыл-мекені жарықсыз қалғаны ел есінде. Бірақ, бұл жағдайды өңір басшысы ескеріп, ел бюджетінен арнайы бағаналар үшін 500 млн. теңге бөлуді де ескеріп қойған. Қазір қаражат жағдайы шешілу үстінде көрінеді. Жиын барысында облыс басшысы өңір аудандарынан байланысқа шыққан аудан әкімдерін сілкілеуді де ұмытпады. Аудан әкімдерінің біразы су тасу жағдайларының алдын алу қатаң бақылауда тұрғандығын жеткізді. Жиын соңында барлық баяндамалар тыңдалып болған соң, көтерілген мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, тапсырмалар берілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.