Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгін елімізде рухани келісім күні!

c 16:51, 18/10/2017 c 1104

0:00 / 0:00

Атаулы датаға орай батыс өңірінің этномәдени орталықтарының мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдар, діни бірлестік өкілдері Достық үйінің төрінде жиналды. Шараға қала әкімі Мұрат Мұқаев та арнайы қатысып, ізгі лебізін білдірген болатын. 140-тан астам этнос пен 18 конфессияның басы бір шаңырақ астында біріккен біздің ел үшін татулық, тұрақтылық мәселесі қашан да маңызды. Осы бейбітшіліктің сақталуы үшін де бүгінгі зайырлы Қазақстанда ой, дін еркіндігі сақталып, ұлтаралық келісім принциптері жүзеге асуда. 1992 жылдан бастап аталып өтетін бұл рухани келісім күні де осы ынтымақтастықтың бір көрінісі болса керек. Жиналған қауымды атаулы мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдіре келген шаһар басшысы да рухани келісімді сақтаудың маңызын атап өтті. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, кейіннен өңірдегі діни конфессиялар арасындағы шағын футбол сайысын ұйымдастыру жоспарланған.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.