Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгін «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні»

c 16:14, 22/04 c 1

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш отырғызды.
Бұл игі бастама облыс орталықтарында да жалғасын тауып, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында көпжылдық жасыл теректерді екті. Аталмыш шараға зиялы қауым өкілдері, БАҚ қызметкерлері, жастар және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.Көшет отырғызу шарасына қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев биылғы жылы қала бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Ол «Жайық» жағалауы көп ұзамай қалалықтардың сүйікті демалыс орнына айналатынын атап өтті. Жалпы, Оралда бүгінгі таңда 60-қа жуық үйдің ауласы абаттандырылып қана қоймай, қасбеті де жөнделмек. Тұрғындарға жайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жоспарлы жұмыстар қолға алынуда.Қалада бұл үрдіс желтоқсан айына дейін жалғасады.Бұл шараға белсене атсалысқан Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясының өкілдері "Таза Қазақстан" акциясына белсенді араласып, Оралдың ең таза қала статусын сақтауға зор үлес қосуда. Партиялықтар бүгінгі «Бүкілқазақстандық ағаш егу күні» акциясының да басы-қасынан табылды.Тазалық шарасына белсене қатысқан жастар өз қолдарымен еккен көшеттердің жайқалып, бүр жаруына көмектесіп, жаз бойы суарып отыратындығын жеткізді.Қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев шаһарда тал егу шарасы бір ай бұрын басталып, бүгінге дейін 1000 түп ағаш отырғызылғанын мәлімдеді.Биыл облыс құрамындағы елді мекендерде 238 мың дана ағаш егу жоспарланып отыр. Ал Орал қаласында 5 мыңға жуық ағаш отырғызу көзделген. Бүгінгі шараға 150-ге жуық адам қатысты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.