0:00 / 0:00
1 наурыз алғыс айту күнінде Орал қаласындағы өзге ұлт өкілдері мен қариялар және жас буын өкілдері «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты рәсімде бұл күннің мән-мағынасы туралы тағылымды пікірлер айтылды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен қала әкімі Абат Шыныбеков қатысты.Бұл бірлікті бекем етуге бағытталған тарихи-саяси мәні бар мереке. Өткен ғасырда кәріс, неміс, татар, грек, шешен сынды халықтардың өз елдерінен күштеп қоныс аударылуға мәжбүр болған кезінде қазақ халқы ешкімді жатсынбай, құшақ жая қарсалған-ды. Өлкемізге қоныстанған бұл халықтар қазақ елін өздерінің және ұрпақтарының Атамекені санайды. Ал қазына кеуде қариялар көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген бұл күннің тарихы тым тереңде жатыр деген пікір айтады.Еліміз бауырлас халықтарға қиын-қыстау кезеңдерде қол ұшын созып, бауырына баса білді. Бұл күн олардың қазақ халқына шын жүректен алғыс білдіру күні. Ең бастысы осынау әлемдегі дүрбелең кезеңде елімізде тұратын барлық этностардың достығы, бейбітшілігі мен ынтымағы берік болғандығы. Шаһар басшысы Абат Шыныбеков Оралдықтарға алғысын жеткізді.Айта кетелік, қазақ жеріне жарты миллионға жуық шешен, ингуш халықтарын күштеп көшірген «Чечевица» операциясына 77 жыл толмақ. Сол қиын кезді бастан кешірген шешен-ингуш ақсақалдарының әрқашан қазақ халқына алғыстары шексіз.