0:00 / 0:00
Тартысты доданың мақсаты ағымдағы жылдың сәуір айында ардагерлер арасында өтетін республикалық жарысқа спорт майталмандарын ірітеу болып табылады. Бүгінгі боз кілемде өз шеберлігін шыңдау мақсатында облысымыздағы 10 ауданнан 40-тан аса палуан бас қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша жас спортшылар мен ардагерлердің жарысын бір жерде ұйымдастырудың негізгі мақсаты, өскелең ұрпақтың күрестен тәжірибесі мол ел ағаларынан тәжірибе алмасып, оларды өнеге ретінде ұстануды насихаттау керекті. Салыстырмалы түрде алатын болсақ БҚО-ның самбо күресінің ардагерлері еліміз бойынша әлемдік додада орын алғандардың алдынғы қатарында. Соған қарағанда өлкемізде спортың бұл түрі қарқынды дамыған. Жарыс қорытындысы бойынша самбо күресінің ардагерлері арасынан мықтылары анықталып, ағымдағы жылдың сәуір айында өтетін республикалық байқауда ел намысын қорғамақ. Кейін ондағы жарыстан сүрінбей өткендер әлемдік аренада өз өнерін көрсетпек.