Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бөтен табыстың әлегі

c 17:14, 27/02/2020 c 478

БҚО Сырым ауданы, Жетікөл ауылында тұратын Сұпығалиева Айсәуле атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай жүр. Біздің редакциямызға келіп, шағымын айтқан көп балалы ана арна тілшісіне мән-жайды баяндап берді. Белгілі болғандай, мемлекеттік орган Сұпығалиевтардың туған апасының мал-мүлкін кіріс көзіне есептеп, отбасыға тиісті жәрдемақыны бермей отырған көрінеді. Ал, Сұпығалиева Айсәуле болса өздерінде мал жоқ екендігін, қорадағы төрт түлік апасына тиесілі екендігін алға тартады. Алты баланың анасы атаулы әлеуметтік көмектен неге қағылды? Біреудің мал-мүлкін басқа отбасыға табыс көзі ретінде есептеу қаншалықты дұрыс?
Сұпығалиевтар отбасы Сырым ауданы, Жетікөл аулында тұрады. Сұпығалиева Айсәуленің алты баласы бар. Бірақ атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай отыр.
Сұпығалиевтардың әлеуметтік жағдайын зерттеген комиссия бұл отбасыға әлеуметтік көмек тағайындаудың қажеті жоқ деп шешім шығарған. Комиссия Сұпығалиева Айсәуленің қайын апасы Сұпығалиева Алмагүлдің атындағы мал- мүлікті осы отбасыға тиісті деп көрсетіп, оған ауылдың бір- екі тұрғыны куәлік етіпті.
Сұпығалиева Айсәуле алты баланың анасы. Бүгінде біреудің үйінде тұрып жатыр. Себебі өз үйлері тұруға жарамайды, апатты дейді. Ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыссыз. Айсәуле алты баламен үйде отырған әйел. Өз аттарында ешқандай мал-мүлік жоқ. Біреудің мүлкін табыс көзіне санау қаншалықты дұрыс? Бұл мәселенің анық-қанығын тек сотқа жүгіну арқылы анықтауға болатын секілді.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.