Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бөтен көлік

c 21:08, 17/01/2020 c 737

0:00 / 0:00

Ендігі 3 жыл бойы көрші елдерден әлдеқайда арзан бағаға автокөлік сатып алып жүрген қазақстандық жүргізушілердің екі аяғы бір етікке тығылды. Ішкі істер министрлігі  көршілес елдерден әкелініп, елімізде тіркелмеген «бөтен» нөмірлі көліктер Қазақстанда заңсыз жүр деп санайды. Бөтен нөмірлі көліктерді «Поток», «Сергек» бақылау жүйелерінің және патрульдік экипаж қызметкерлерінің көмегімен анықтап, айып тұрағына орналастыру, көлік иелеріне айыппұл салу басталды. Қазір елімізде 200 мыңға жуық «бөтен» нөмірлі көлік бар. Алайда,Көлік иелері бұл талаппен келіспей отыр.

Қазақстан аймағында бір жылдан астам уақыт болған Армения, Қырғызстан, Ресейден әкелінген  көліктер заңнан тыс қалады. Ішкі істер министрлігі  осындай мәлімдеме таратып отыр. Шеттен келген көліктерді заңға сәйкес тіркеу керек деген талап бар. Министрліктің статистикасына сүйенсек, Қазақстанда «бөтен» нөмірлі көліктердің қатысуымен 1854 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 132 адам көз жұмған, 500-ден аса кісі түрлі дене жарақатын алған. Өткен жылы бақылау камераларына 90 мыңнан аса жол ережесін бұзған шетелдік нөмірлі көлік ілігіп, 1,1 млрд теңгеден аса айыппұл салынған. Бүгінгі күні ел аумағында  200 мыңға жуық «бөтен» нөмірлі көлік жүр.

Марат Қожаев – ҚР ішкі істер министрінің орынбасары; «Егер сіздер біздің түсіндіру жұмыстарымызды қадағалап отырған болсаңыздар, өткен жылы қырғыз көліктері бойынша ескерткенбіз. 2 жыл бойы армян көліктеріне қатысты да айтып жатырмыз. Алайда азаматтар оған құлақ аспай отыр. Енді біз осы бұзушылықтарды әкімшіліктендіруге көштік. Азаматтарымыз кедендік тазалаудан өтеді немес ол көлікті елден шығарамыз. Айыппұлдар салынады, көлікті айып тұрағына қоямыз».

Алайда, министрліктің бұл талабы «бөтен» нөмірі бар көлік иелерінің арасында үлкен наразылық тудырып отыр. Әлеуметтік желіде Ақтау, Ақтөбе және Орал қалаларында көрші елдерден көлік сатып алған жүргізушілер жиналып, өз наздарын айтқан бейне түсірілім тарады. Көлік иелері темір тұлпарын қайта тіркеу үшін қыруар ақша шығара алмаймыз деп даурығуда. Шум

Нұр-Сұлтандық тұрғын Игорь Семенов Армениядан әкелінген арзан көлікті 3 млнға сатып алыпты. Енді оны қалай тіркеймін деп басы қатып отыр.

Игорь Семенов -  Нұр-Сұлтан  қаласының тұрғыны; «Мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету  орталығына бардым. Онда ешкім ештеңе білмейді. Кеденге де бардым. Ол жақта да нақты жауап жоқ. Ватсапта тарап жатқан бұл хабарлама  бүкіл жүргізушілерді  алаңдатып отыр. Бәрі сата бастады. Көлігіміз арзанға кетеді. Осы жерде тіркесе мен салық төлер едім. Айыппұл төлеп жатырмын.»

Елде қаптап жүрген бөтен нөмірлі автокөліктерге тиым салуға қатысты

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев та пікір білдірді. Министр, «адамдар шетелде тіркелген автокөлікті сатып алғанда есепке қою, баж және салық төлеу керектігін жақсы білді. Бірақ, соған қарамастан саналы түрде сырттан көлік әкеліп, оны тіркеуге қоймады. Тіркелмеген көлік иелері жол ережесін бұзып, апат орнынан қашып, еш жазаға ілінбейтіндерін білді»- деген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.