0:00 / 0:00
Жәңгір xан атындағы БҚАТУ-де бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 25ке тарта жұмыс беруші қатысып, агрономия факультетінің студенттеріне сұраныс танытып отыр.
Биыл Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінен мыңнан астам студент түлеп ұшпақ. Оның ішінде 150ден астам түлек аграномия факультетінде білім алып, өз саласының жілігін шағуда. Зерттеуші ғалымдар да, топырақтанушылар мен эколог сынды мамандық иелері осы факультеттен білім нәрін сіңіріп шығады.
Бүгінгі жәрмеңкеге 25ке тарта жұмыс беруші қатысып отыр. Олардың қатарында облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен Ақтөбе облысының да бірқатар мекемелері бар.
Қолына бір-бір дипломдарын құшақтаған түлек, жұмыс іздеп дал болған жастар осылайша жұмыс таппақ ниетте.
Бұндай жәрмеңкелер кезең-кезеңімен ұйымдастырылып тұрмақ.