Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бос орындар жәрмеңкесі

c 00:00, 27/02/2015 c 877

0:00 / 0:00

Бүгін шаһарымыздағы жастар шығармашылық орталығында облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурсттық орталығының қолға алуымен ағымдағы жылы бірінші рет бос орындар жәрмеңкесі оздырылды. Аталмыш шараға шаһарымыздағы 30-ден аса ірі және шағын мекеме өкілдері қатысып, өздеріне керекті мамандар жиынтығын табуға тырысты. Ал жұмыссыз жүргендері өз кезегінде жанына жақын жұмыс іздеуге кірісті. Қазіргі біздің заманда жоғарғы білім ордаларын қызыл дипломға тәмамдап, атына заты сай білікті маман атанғанымен, жүздеген жастарымыздың облыс оталығынан орнықты қызмет таба қоятындары кемде-кем. Сондықтанда олар жыл сайынғы өткізілетін бос орындар жәрмеңкесіне, түйіндемесін алып, қолайлы қызмет тауып қаламба деген дәмемен келеді. Алайда жастар жиын барысында оның да көмегі шамалы деп даурықты. Ал облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандарының мәлімдеуінше өткен жылы осындай екі бос орындар жәрмеңкелері оздырылып, нәтижесінде 45 жас маман өз орындарын тауып, жұмысқа орналасқан көрінеді. Мысалға алатын болсақ өндірістік жабдықтау кәсіпорны "Серік" ЖШС-гі бүгінгі жәрмеңкеде 4 мамандық бойынша бос орындар ұсынуда. Жұмыс берушілердің айтуынша жиналған барлық түйіндемелер іріктеліп, ішінен барлық талаптарға сай маман иелері таңдалатын болады. Айта кетейік ағымдағы жылы бұндай бос орындар жәрмеңкесінің 4 кезеңі өткізілмек. Кім білсін, бәлкім соның арқасында Орал жастары өздеріңінің көздеген мамандық иелері атанар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.