Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Боранның әлегі

c 22:54, 27/02/2020 c 608

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтанда қолайсыз ауа-райының салдарынан орын алған жол-көлік апатынан адам өлімі тіркелді. Елорданың полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.  Бүгін елордадан шығатын барлық  бағыттағы тасжолдар жабылды. Кешегі тоқатусыз жауған жаңбырдан соң, еріген қар бүгін қатып қалды. Жел күшейіп, боран соғып тұр. Көктайғақтан автокөліктердің, жаяу жүргіншілердің  жүріп-тұруы қиындап кетті. Өткен тәулікте елордада 74 жол-көлік оқиғасы орын алды. Тек бейсенбіде 26 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Боранды күні халықаралық әуежайда 6 рейс кешіктіріліп, 5 рейс тоқтатылды.

Күні кешеден бері жауын-шашын орын алып, еріген қар суы елордалықтардың берекесін кетірді.Кеше ғана көктемнің лебі сезіліп тұрса,  бүгін қала қайта қыстың ақтүтек боранына оранды. Мектептерде екі ауысымда да сабақ тоқтатылды. Еріген қар қайта қатып, көктайғақ болып жатыр. Автокөліктер мен жаяу жүргіншілер үшін жүріс-тұрыс қиындады. Өткен тәулікте ауа-райының қолайсыздығынан Нұр-Сұлтанда 74 жол-көлік оқиғасы орын алды. Ал бүгін 26 жол-клік оқиғасы тіркелді.  Кісі өліміне әкеп соққан жол апаты болды.

Мәлім болғандай, жол үстінде қайтыс болған 50 жастан  асқан азамат Астана су арнасының қызметкері болған. Ол сол маңда трактормен қар тазалап жүрген боулы керек. Марқұм, сол жерде орын алған басқа көлік қақтығысн ескерту үшін, жол бойына шыққан көрінеді.

Енді кісі соққан Камаз көлігінің жүргізушісінен жауап алынып жатыр. Оның кінәсі дәлелденген жағдайда, бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр. Полиция департаменті ауа-райынын қолайсыздығына байлнаысты көлік жүргізушілеріне жолда мұқият болуға кеңес береді. Әсіресе балалар көп жүретін мектептердің маңында, аялдамалардың, жаяу жүргіншілер өтетін жолдардың жанында  жылдамдықты азайтып, қашықтықты сақтаған жөн. Боранды күні елорданың халықаралық әуе-жайында 6 рейс кешіктріліп, 5 рейс тоқтатылды. Қарлы қаланы тазалау жұмыстары жалғасуда. Тазалық қызметі Нұр-Сұлтаннан  5 млн куба метр қар шығарған. Ақпан айында жауған қар көлемі нормадан 3 есеге артық болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.