Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БОЛАШАҚТЫҢ СОТЫ

c 19:36, 04/06 c 69

0:00 / 0:00

Болашақ бағдарламасымен шетел асып, білім алып келіп елдің болашағын жасайды деген кейбір түлектер шу шығарып жатыр. Осы бағдарламасы аясында Ұлыбританияға оқуға кеткен экс-тележүргізуші Валерия Гавриленко сол елде қалуды ұйғарып, осында кепілге қойған екі бірдей пәтерін кепілден шығарып, сатып жіберген. Негізі бағдаралама талабы бойынша, түлек елге қайтпайтын болса кепілдегі мүлік мемлекет пайдасына қалады. Алайда, Гавриленко сол кездегі Болашақтың басшыларымен бұл мәселені шешіп алған. Ал халықаралық бағдарлама орталығы болса 28,5 млн теңгені Гавриленкоға гарант болған Наталья Воробьева және Мақпал Дәрібаевадан талап етіп жатыр. Осы жағдайдан соң олар Болашақтағы азңсыздықтарды айтып, Президентке ашық хат жолдаған еді. Ал өткен аптада ғылым және жоғары білім министір Сасяат Нұрбек журналситерге берген сұқбатында, Ұлыбританияға қашып кеткен Гавриленко өзіне жұмсалған мемлекеттің ақшасын қайтрауға келісті деген еді. Алайда, сотқа шағымданып жатқан кепілдік берушілер министрдің сөзі күмән тудырады, ешбір келісім болмаған деп отыр.

Кепілдік берушілердің айтуынша, Валерия Гавриленко шетелге оқуға түсерінде әріптестеріне келіп, әкесінің жоғын, осы бағдарлама ол үшін жалғыз мүмкіндік екенін айтпы жыламсыраған. Осыдан соң олар келіскен. Енді сан соғып қалды. Болашақтағы былықтарға сол кездегі басшылар жауап беруі керек дейді олар. Ол кезде бағдарламалар орталығының президенті Жанболат Мелдешов болған еді.

Ал «Болашақ» бағдарламасымен мемлекеттің ақшасына оқуға түскен Гавриленко болса қазір Лондонда жаймашуақ өмір кешуде. Оның Қазақстанға келгісі жоқ. Егер елге оралса оған шетелге жол жабылады. Ал Гавриленконың кепілден шығарып алып, сатып жіберген пәтерінде оның анасы тұрып жатыр дейді адвокат.

АЙЖАН АЛИНА – КЕПІЛДІК БЕРУШІЛЕРДІҢ АДВОКАТЫ «Болашақ халықаралық бағдарламасының басшысы кепілде тұрған мүлікті босатқан. Менің адвокаттық сауалыма Халыққа қызмет көрсету орталығынан кепілден шығарылған бұл пәтерлер үшінші тұлғаға рәсімделген деген жауап келді.Бізде Гавриленоканың анасы қазір сол пәтерде тұрып жатыр деген ақпарат бар.»

Араға бірнеше жыл салып барып белгілі болып жатқан Болашақтағы былыққа қатысты дауды сот медицияға жолдады. Ал кепілдік берушілер қарыз соммасы азайтылған жағдайда ғана медиацияға келісеміз деп отыр. Нақтырақ айтсақ, қарыз көлемі 28,5 млн теңгені құрайды. Оның ішінде екі пәтердің құны және Гавриленконың жапқан 1,3 млн теңгесі бар. Ал қалған 1,5 млн теңгесін кепілдік берушілер өздері жабуға дайын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.