0:00 / 0:00
Переметное ауылындағы су шайып кеткен бөгет қалпына келтіріледі. 8 сәуір күні, Зеленов ауданының Переметное ауылындағы су шайып кеткен өткел қайта қалпына келтірілетін болды.Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев мәлім етті. Естеріңізде болса, көктемгі ағын судың салдарынан аталмыш бөгетті су шайып кеткен болаты. Бөгет жобасын Зеленов ауданының сәулет және құрылыс бөлімі жасаған. 2017 жылы бөгет құрылысы аяқталған еді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 70 млн.теңге қаржы жұмсалған еді. Бөгетті су шайып кеткеннен кейін жүргізілген техникалық сараптама нәтижесінде жобада қателік кеткен деген шешім шығарылды. Бүгінде құрылыс басқармасы құрылыс компаниясының, авторлық және техникалық бақылаушы, жобалаушы компаниялар үстінен сотқа шағым түсірді. Сот шешімі екі ай ішінде шығатын болады. 35 млн.теңге бюджетке қайтарылады.Ал кінәлі тұлғаларды сот анықтайтын болады.