0:00 / 0:00
Елімізде төтенше жағдай жаряиланғаннан бері жұмыс істеп жатқан блокбекеттер 1 маусымнан бастап алынады. Бұл ведомствоаралық комиссияның шешімі. Осылайша қалалар арасында авткоөлікпен, автобуспен және теміржол қатынасы арқылы қатынау жанданады. Үкімет осыған орай 5 маусымнан бастап тасымалдауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбек.Бұл туралы бүгін өткен онлайн брифинг барысында мәлім болды.
Үш айға жуық қалтықсыз жұмыс істеп жатқан блокбекеттер жұмысы тоқтатылатын болды. Маусымның 1-нен бастап Қазақстандағы барлық бекеттер алынады. Ведомствоаралық комиссияның шешімімен қалалар арасындағы қатынас қайта жанданбақ. Көпшілік күткен жаңалық осы болатын. Енді жеке автокөлікпен, не болмаса автобуспен және поездбен емін-еркін қалаған облысқа, не қалаға бара аласыз. Ең бастысы санитарлық норманы қатаң сақтау қажет.
Сәдуақас Байғабылов – көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер; «1 маусымнан бастап барлық блокпостар алынады. Сәйкесінше, аймақтар арасындағы автокөлік, автобус жане темір жол қатынасы жанданады.Басты талап санитарлық норманы сақтау. Вагондар мен автобус ішінде 1 метр арақашықтық сақталуы тиіс. Теміржол мен авто вокзалдарға келген адамдардың дене қызуы тексеріледі. Вокзалға тек бетперде мен билетпен ғана кіргізеді».
Вагондарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Ал пойыздарда мейрамхана-вагондар жұмыс істемейді. Жол-жөнекей тамақ та сатылмайды. Сондай-ақ, вагондар арасында жүруге тыйым салынады. Ал жолаушылар тек өз орнында ғана отыруы шарт, ешқайда шықпайды. Мұны жол серіктері бақылап отыратын болады. Айта кету керек, басқа өңірге пойызбен барған жолаушыларды ол жерде карантинге алмайды. Емін-еркін жүре аласыз. Ал көлік жүргізушілері бетперде, қолғаппен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ, халықаралық әуе қатынасы да жұмысын бастамақ. Әзірге жоспарда бірнеше елге ұшуға рұқсат беру мәселесі қаралаып жатыр.
Жалпы пандемия басталғалы халықаралық бағыттар бойынша 97 бағытта аптасына 440 рейс тоқтатылғанды. Бұл - бүкіл халықаралық рейс санының 99 пайызы. Алайда, елде қауіпті індет –коронавирустың таралуы тоқтамай отыр. Соңғы бір тәулікте республика бойынша індет жұқтырғандар саны 356 адамды құрады. Өсім деңгейі 3,7 пайызды құрап отыр.