0:00 / 0:00
БҚО жаңажылдық жәрмеңке өз жұмысын бастады.Енді әр сенбі сайын халыққа қол жетімді бағамен ауыл шаруашылығы өнімдері сатылатын болады.Ондағы мақсат жаңа жыл алдында бағаны тұрақты ұстау , халықты тиісті азық-түлік өнімдерімен қамтамсыз ету.Айта кетейік, жәрмеңкеге тек отандық өнімдер қойылған. Бұл жолғы жәрмеңке өзгелерден бөлек.Жаңа жыл алдындағы қарбалас. Күннің суығына қарамастан жиналған адамның саны да көп.Жергілікті әкімдік жаңа жыл алдындағы бағаны тұрақты ұстап тұру үшін әдейі осы жәрмеңкені ұйымдастырып отыр.Бұл жерде тек таза Оралдық фирмалардың өнімдері сатылып жатыр.Мәселен, "Ақас" фирмасы, "Орал құс" фабрикасының өнімдері халықтың қажетіне жарап тұр.
Бұл жолы жәрмеңкеде негізінен ет, сүт өнімдері саудаланды.Халықтың сұранысына ие ет өнімдері лезде саудаланып жатты.Орда, Жәнібек,Тасқала аудандары осы жәрмеңкеге ет өнімдерін арқалай келіпті.
Жаңа жыл алдында халықты қол жетімді азық - түлікпен қамту мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңке өз деңгейінде өтті.Сатушы да, сатып алушы да риза.
Айта кетейік бұл жәрмеңке жаңа жылға дейін әр сенбі сайын жүретін болады.