Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО халқынының 82 пайызы қазақ тілін меңгерген

c 00:00, 28/04/2015 c 658

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде баспасөз брифингі барысында өңірдегі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғали мәлімдеді. Кездесу шеңберінде ұлттық құндылығымыз-ана тілінің қадір-қасиеті төңірегінде тұшымды ой айтылып, онамастикалық мәселелер, Қаз тесттен өтудегі өзгерістер жөніндегі тілшілердің сауалдарына жауап берілді. Мемлекеттік мекемелердің құжат айналымындағы қазақ тілінің үлесі 2014-жылы 99,7 пайызды құраған. Қазақ тілін меңгерудегі облыстық көрсеткіш 82 пайыз. "Үш тұғырлы тіл" саясатын жүзеге асыру барысындағы статистикаға сүйенсек, былтыр қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар, жетік меңгергендер 6 пайызға жеткен. Республика бойынша алғаш рет іске асқан қоғамдық тіл инспекциясы жобасымен 250 бизнес субъектісі қамтылған. Бұдан бөлек 300-ге тарта кәсіпорынға тілдік нормаға қатысты әдістемелік көмек көрсетіліпті. Кәсіпкерлер тілдік норманы қаншалықты сақтап отыр? Нақты арыз түспейінше, мораторийға байланысты бұл бағытта тексеріс жүргізуге құқымыз жоқ,- деді басқарма басшысы. Сонымен қатар, 21 млн. теңгедей ақша "Қаз тест" сынағынан жүргізуге бөлініпті. Биылдан бастап бұрынғыдай тек байқаудан өтіп қоймай, қаз тестке қатысқандарға сертификат беріледі. Ал 1 млн. жарым теңге көршілес Ресей еліндегі диаспораға тіл игерту мақсатындағы жұмыстарға жұмсалған. Ағылшын тілін жыл сайын 650 адамға оқыту курстары жүреді. Бұл бағытқа жыл сайын 13 млн теңге жұмсалып келеді. Тіл басқармасының тапсырымен аймақта жыл сайын теледидардан бағдарламалар көрсетіледі. Бұл хабарларды дайындауда ТДК-42 телеарнасы 4 жыл қатарынан тапсырысты ұтып алып, әрқайсысы 25 минутты құрайтын 24 қазақ тіліндегі, 50 орыс тілінде теле хабарларларды халықа жеткізуде. Мамандар мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін арттырып, дамытуда осы материалдардың пайдасы орасан деген пікірде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.