0:00 / 0:00
БҚО ТЖД-нің автопаркі жаңа техникалармен толықты. Мемлекеттік қызметкерлер және ҚР полициясы күніне орай төтеншеліктерге арнайы көліктер мен құрал-жабдықтар табысталды. Сондай-ақ үздік қызметкерлер министрліктің марапаты мен төс белгілеріне ие болды.
Салтанаты шараға БҚО әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов қатысып, сала қызметкерлдерін мемлекеттік қызметшілер және ҚР полициясы күнімен құттықтапды. Сондай-ақ жаңа алаңда арнайы техникалардың кілтін аудандар мен қаланың төтенше жағдайды ауыздықтаушыларына табыстады. Шара Астананың 20 жылдығына арналып отыр.
Төтенше жағдай департаментінің кез-келген жағдайға дайын, сақадай-сай болып отыруы маңызды. 18 Уаз көлігі облыстың аудандық бөлімдеріне аттанды.
Күннің ысуына байланысты өңірде дала өрттерінің қаупі артып отыр. бұл орайда төтеншеліктерге артылатын жауапкершілік пен міндеттер салмақты. Жаңа техника сала жұмысын жетілдіруге септігін тигізеді деп сенеміз.