0:00 / 0:00
26-наурызда БҚО әкімі Алтай Көлгіновтың аймақ билігін қолына алғанына 2 жыл толды. Осы уақыт көлемінде облыста қандай жұмыс атқарылды? Жалпы өңір тұрғындары еліміздегі ең жас әкімдердің бірі -Алтай Сейдірұлының жұмысын қалай бағалайды?
Жас та болса, аз уақытта белсенділігімен көзге түскен әкім Алтай Сейдірұлы талай ақсақалдың батасын алып, көптеген жанның көңілінен шығып үлгеріпті. 40-ты енді алқымдап қалған азамат "Болашақ" бағадраламасының түлегі. Шет елде алған білімін туған жерінің дамуы үшін жұмсап, облыс тізгінін қолына алғанына 2 жыл уақыт болыпты. Бұл уақытта басшы бюджет қаражатын тиімді игеріп, әлеуметтік нысандар мен қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге көңіл бөлгені аңғарылып отыр. Апатты үй, жол, мектеп балабақша құрылысы мен жөндеу барысын жіті қадағалауына алған әкімнің жұмысы БАҚ бетінде жиі жарияланып отырады. Соның ішінде аудандар да назардан тыс қалған емес.
Ал тұрғындарға әкімнің кішіпейілдігі мен қарапайымдылығы ұнайтын көрінеді және еңбекқорлығын да байқап-біліп отырғандарын жасырмайды. "Біткен іске сыншы көп"- демекші, басшының жұмысын сынға алатындар да табылады. Өз ісіне ұқыпты қарап, халық игілігі үшін еңбек етіп жүрген әкімнің алдағы қызметіне сәттілік пен үлкен жетістіктер тілейміз.