БҚО полиция қызметкерлері 29 жастағы Ақжайық ауданының тұрғынын ұстады. Күдіктінің автокөлігін тінту барысында салоннан сәйкес құжаттары жоқ 500 кг балық табылып, тәркіленді.
Автомашина арнайы тұраққа қойылды. Күдіктіден облыс аумағынан шықпау туралы қолхат алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі (балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.