БҚО полицейлері 3,5 тонна балықты заңсыз тасымалдаған азаматты қолға түсірді.Оқиға 5 сәуір күні сағат түнгі 2:40 тар шамасында болған.БҚО Ақжайық ауданы маңында Атырау - Орал тас жолында "Газ 53" маркілі автокөлікті тексеру барысында машинада 3 тоннадан астам балық барын анықтайды."Охотзоопром" қызметкерлері мен полицейлер 1980 жылғы азаматты ұстап, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.Жалпы сәуір айы басталғалы балықты заңсыз аулауға байланысты 2 факті , ал балықты заңсыз тасымалдау ісіне қатысты бір факт тіркелген.Айта кетейік балықты заңсыз аулау мен заңсыз тасымалдау ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалады.Қазір балықтардың уылдырық шашу уақыты болғандықтан балық аулауға уақытша тиым салынғаның айта кетеміз.