0:00 / 0:00
БҚО ПД мамандары Орал қаласының тұрғындарын қабылдады.Облыс орталығында екі жерде қабылдау орыны жұмыс жасап, ол жерге адамдар жеке бастарына қатысты түрлі сұрақтармен келіп, полицейлерден жауаптарын алды.Жолда қабылдау республикалық акциясы аясында БҚО ПД мамандары облыс тұрғындарына қабылдау өткізді.Қала орталығында екі жерде қабылдау өткізген полицейлерге қала тұрғындары түрлі сұрақтармен келді.Олардың ішінде көші- қон ,уақытша тіркеуге қатысты сұрақтар, автокөлікті есепке қою, есептен шығаруға қатысты мәселелер тұрғындар тарапынан көтеріліп, полицейлер жауап берді.Одан бөлек түнгі уақыттағы тәртіп мәселесі де бүгінгі кездесудің басты тақырыбы болғандай.
Қаладағы қоғамдық көлік жүргізушілері мен такси қызметкерлері де полицейлердің қабылдауына арнайы келген.Олар жол ережелері мен жүргізушінің жолаушы тасымалында тәртіпті сақтау мәселесіне қатысты ойларын ортаға салды.Бұл күні полицейлер халықты мазалап жүрген сұрақтарға жауап беріп, тиісті кеңестерін айтты.Жолда қабылдау республикалық акциясы алдағы уақытта да жүргізіліп, полицейлер халықтың сұрағына жуаап беріп, елмен жақын қарым -қатынас ұстауды жоспарлап отыр.