0:00 / 0:00
БҚО өрт қауіпсіздігіне қатысты шаралар легі жүріп жатыр.Әсіресе қала маңайында саяжайларда тұрып жатқан адамдардың қауіпсіздігін бақылау мақсатында сенбі - жексенбі күндері БҚО ТЖД мамандары саяжай халқымен кездесу өткізді.Әр үйді аралап, қауіпсіздік ережелерін түсіндірген мамандар қатарында өрт сөндірушілер мен "ҚазТрансгазаймақ" АҚ қызметкерлері бар.БҚО Өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары күшейтіледі.Адамдар арасында насихат жұмыстары жүргізіліп, көмек керек жандарға көмек беріледі.Осындай рейдтік шаралар барысында үйіңіздегі газ апараттарын, электр сымдарын барып тұрған сал мамандарына көрсетіп кеңес алуларыңызға болады.Осындай мақсатты көздеген топ сенбі күні қала жанындағы саяжайларды аралады.
Рейдтік іс шара барысында пештерді және басқа жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы жадынамалар таратылып, ескертулер жасалды.Үй иелері рұқсат берген жағдайларда үйге кіріп "ҚазТрансГазАймақ" АҚ қызметкерлері газ құбырларына қатысты тексерістерін жүргізіп, қажетті кеңестерін берді.Себебі улы газбен улану жағдайлары да осы жылыту маусымы кезінде тіркеліп тұрады.Сондықтан мамандар үй - үйді аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,балаларды жалғыз қалдырмауға шақырды.
Рейд шараларына БҚО ТЖД, ТЖБ, "ҚазТарнсГазАймақ" қызметкерлері және өрт сөндірушілер қатысты.