0:00 / 0:00
БҚО - ның халқы Алтай Көлгіновті Нұр - Сұлтан қаласына шығарып салды.Алтай Көлгінов күні кеше ғана ҚР Президентінің жарлығымен Нұр - сұлтан қаласына әкім болып тағайындалған еді. Енді қызмет бабына байланысты бас қалаға жол тартып бара жатқан сүйікті әкімдерін Жайық жұрты әуежайда қаумалап, ақсақалдар батасын беріп, ақ жол тіледі.
Алтай Көлгінов БҚО 2012 жылы келді.Алдымен Орал қаласының әкімі болып қызмет атқарды.Болашақ бағдарламасының түлегі қала әкімі болып жүріп, халықтың сүйікті әкіміне айналып үлгерді.Ал, соңғы жылдары ол білдей облысты басқарған ең жас әкім болды.Әуежайда қаумалаған ағайын Алтай Көлгіновтің Елордадағы қызметіне сәттілік тілеп, ақсақалдар батасын берді.
Алтай Көлгінов БҚО басқарған жылдары негізінен жолдардың құрылысына, көп қабатты үйлердің құрылысына мән берді.Алтай Көлгіновтың бастамасымен БҚО Орда ауданына тас жолдың құрылысы басталды.Депо көпірі жөндеуден өтіп, Омега көпірінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.Бұл Алтай Сейдірұлының атқарған жұмыстарының тек азғантай ғана бөлігі.Осындай игі істері үшін Ақжайық жұртшылығы сүйікті әкіміне алғыстарын білдіргенді.Ал, экс әкім өз кезегінде Жайық жұртшылығына алғысын білдірді.
Орал халықаралық әуежайында Алтай Көлгіновке ақсақалдар батасын беріп, ақ жол тілеп, елордадағы қызметіне сәттілік тіледі.Жас та болса елдің есінде қалатындай, халыққа жақын әкімді қимағандар көп.Енді Алтай Көлгінов еліміздің бас қаласының дамуына ат салысатын болады, ал БҚО Ғали Есқалиев басқарады.