0:00 / 0:00
<pАймақта көктемгі маусымда өзендердің көтерілу деңгейі-Ресейден келетін судың көлеміне байланысты. Сондықтан қауіпсіздікті қамту үшін қажетті материал қазірден бастап сатып алынуда. Мамандар суға кету қаупі жоғары саяжай тұрғындарына ескерту жасап, судың көтерілу кезінде мекен-тұрақтарын ауыстыруын сұрап отыр.
Аймақта көктемгі маусымда өзендердің көтерілу деңгейі-Ресейден келетін судың көлеміне байланысты. Сондықтан қауіпсіздікті қамту үшін қажетті материал қазірден бастап сатып алынуда. Мамандар суға кету қаупі жоғары саяжай тұрғындарына ескерту жасап, судың көтерілу кезінде мекен-тұрақтарын ауыстыруын сұрап отыр. БҚО-да елді мекендерден шығарылған қардың көлемі 2200 метр куб шамасын құрайды. Жалпы су тасқыны кезеңінде облыс аумағында жұмылдырылатын күштер мен құралдардың саны 76 құрылым, соның ішінде 1746 жеке құрам және 531 бірлік техника, 37 бірлік жүзу құралдары, 95 бірлік мотопомпаны құрайды. Сондай-ақ ТЖ департаментінің аумақтық бөлімшелерімен 6 ұтқыр топ құрылады деп күтілуде. Облыстың төтенше резервіне 463,0 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі кезде еріген су ағар жол- арықтар тазаланып жатыр. Су тасқынының алдын алу шараларына 200 млн теңгедей қаржы бөлінбек. «Жайық, Шаған, Қара және Сары өзендердегі судың деңгейі уақытылы тексеріліп, ол жөнінде халыққа ақпарат жеткізіліп отырады»,- дейді мамандар. Ал, су қорының көтерілуі негізінен шекаралас Ресейден келетін нөпірге байланысты болмақ. Бұл орайда, судың қорын пайдамызға жарата білуде назардан тыс қалмауы тиіс. Төтеншеліктердің мәлімдеуінше, Теректі ауданының Ұзынкөл елді мекеніндегі Барбастау су қоймасының жобалық құжатын дайындауға 2,5 млн теңге бөлінген. Ал, оны аяқтау үшін жазды күтуге тура келеді. Себебі судың деңгейі жаз бен күзде ғана түсіп, жұмыс жасауға мүмкіндік болады. Кездесуде көктемгі уақытта саяжай аймағында мкендеудің қауіптілігі айтылып, тұрғындарға ескерту жасалды.