Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-ның Теректі ауданында мал ұрлығы азаймай тұр

c 16:42, 04/09/2018 c 603

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Лауаз Уәлиевтің айтуынша, биыл мал ұрлығы эпизодтары 24-тен 32-ге көбейген. Кездесуде Теректінің бүгінгі даму жағдайы мен халықтың-әл ауқаты жөнінде ақпарат берілді. Аудан тұрғындарының 55 пайызы сумен, 63 пайызы көгілдір отынмен қамтылған.

Теректі ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 6 млрд. 562,4 млн. теңгені құраған. Көктемгі егіс жұмыстары кезінде шаруа қожалықтарына төмендетілген бағамен 2700 тонна жанар-жағармай және 2000 тонна егін ору жұмыстарына бөлінген. Бүгінгі күні ауданның 18 елді-мекені орталықтандырылған су желісімен қамтылған. Бұл жалпы аудан тұрғындарының 55 пайызын құрайды. Жаңа өмір және Ұзынкөл ауылдары тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту үшін сомасы 488 млн. 359 мың теңге бөлініпті. Жайық ауылына ауыз су құбырын тарту жобасы кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған. 52 елді мекеннің 33-і көгілдір отын желісіне қосылған. Биыл ауданда атаулы әлеуметтік көмекке 102 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген. 11 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасқан. Үйде оқытылатын 19 мүгедек балаға 935 мың теңге материалдық көмек көрсетіліпті. Биыл 28 мектеп түлегі "Алтын белгі", 19 түлек үздік аттестатқа ие болған. 7 ай ішінде аудан көлемінде 1615 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Цифрландыруға көшуде 300 адам сауаттандыру курсынан өткен. Жыл соңына дейін мектеп жасындағы балаларды кезекке қою, балабақшаға жолдама беруді авттоматтандыру жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.