0:00 / 0:00
1943 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған жауынгер жаяу әскер училищесін бітіріп, Украин майданындағы 170-атқыштар полкының пулеметшілер бөлімін басқарады, ал 1944-1945 жылдары Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатысқан. Берлин операциясы кезінде 29 сәуірде Мәденовтың взводы бірінші болып немістердің Рейхстагтан кейінгі негізгі ұясы Ратуша үйіне басып кірді. Ол жөнінде қолбасшы Жуковтың, әскери тарихшы Беланның және басқа орыс, неміс жазушыларының шығармаларында айтылған. Подполковник Мәденовке көрсеткен жанкешті ерлігі үшін Екі Қызыл Жұлдыз ордені мен көптеген медальдар табысталған.