Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-ның Сәкен Сейфуллин атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі Ботагөз Тұрарова ҰБТ-дің алғашқы кезеңі бойынша 123 балл жинап, ең жоғары көрсеткіш көрсетті

c 00:00, 03/06/2015 c 678

0:00 / 0:00

Дегенмен бұл облыстағы ең жоғары бал деп айтуға ертерек. Себебі бүгін және 4-маусым күні ҰБТ сынақтары жалғасады. Қазіргі кезде алғашқы боп тестілеуден өткен түлектер өз нәтижелерін біліп, аппеляцияға шағымдарын жолдап жатыр. 2-маусым күні республика бойынша ҰБТ басталған болатын. Бұл күні БҚО-да екі жоғары оқу орнының ғимараты мен Бөрлі ауданының Ақсай қаласында 4ші мектепте тестілеу сынақтары жүргізілді. Осы сынақтан алғашқы кезеңі бойынша аймақтағы 1133 түлек өтіп шыққан. қазір мінекей, түлектер өз нәтижелерін біліп, аппеляцияға шағымдарын беруде. Алтын белгіге үміткерлердің өздері ғана емес, ата-аналары да қобалжулы. Тіпті көздеріне жас алған. ҰБТ елімізде осымен 12 жыл қатарынан өтуде. Облыста 9 нысан осы сынақты өткізуге даярланған. Бүгінгі күні Ақжайық, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, және Қаратөбе, сырым аудандарында сынақ жалғасуда. Ал 1 ші кезеңнің нәтижесі бойынша облыстагы ең жоғарғы көрсеткіш 123 балды құрапты. Аппеляциялық шағымдар түскі сағат 12 ге дейін қабылданады. Ал 4 маусым күні сынақтың соңғы кезең өтіп, шешуші қортынды белгілі болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.