0:00 / 0:00
БҚО ПД-ті мен құрылымдық бөлімшелері мамандары жұмылдырылған шараның мақсаты - тұрғындарға көші-қон заңдары, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші және жеке бас куәлігін алуға қатысты толық ақпарат беру. Игі бастама бір жылда 7 мәрте өткізіліп отыр. Осы уақыт аралғында сала мамандарына 2600-ге жуық қала тұрғыны жүгініп, жол қауіпсіздігінен бастап, әкімшілік айыппұлдарды төлеу, көші-қон саласына қатысты толғандырған сауалдарына жауап алған.